02 желтоқсан 2021 13:38

Ресейде қарағандылықтардың 263 миллион теңгесін алып кеткен алаяқ ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото © Тұрар Қазанғапов Иллюстрациялық фото © Тұрар Қазанғапов

Санкт-Петербургте қарағандылықтардың 263 миллион теңгесін алаяқтық жолмен иемденіп кеткен күдікті ұсталды. Ол өзін банкир ретінде таныстырып, тұрғындардан жалған инвестициялық жобаға ақша алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Санкт-Петербургте қарағандылықтардың 263 миллион теңгесін алаяқтық жолмен иемденіп кеткен күдікті ұсталды. Ол өзін банкир ретінде таныстырып, тұрғындардан жалған инвестициялық жобаға ақша алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2019 жылы алаяқтық дерегі көп тіркелген. Күдікті сол кезде екінші деңгейлі банктердің бірінің қызметкері бола отырып, адамдарды алдап, өзін банк басшысымын деп таныстырып, оларға "тиімді инвестициялық жобаны" ұсынған. Жұрт іскер "банкирге" сеніп, жиналған ақшасын жалған жобаға салған. Ал күдікті оларға кепілдік хат беріп, бастапқыда тіпті пайыз да төлеген. Алайда көп ұзамай ол ізін суытқан.

"2019 жылы Қарағанды ​​Полиция департаментіне алаяқ әрекетінің құрбаны болған тұрғындардан өтініш түсе бастады. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы сомасы 263 миллион теңге. Осы факт бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша күдікті - банктердің бірінің қызметкері болған 31 жастағы ер адам соталды тергеп-тексеру барысында ізін суытқан ", - деді Қарағанды ​​облысы ІІД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Қарағанды ​​қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдап, оған халықаралық іздеу жариялады. Ол жақында Ресейде ұсталды.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол Ленинград облысының изоляторларының біріне орналастырылды. Қазіргі уақытта ұсталған адамды Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр", - деп қосты Әбіл Әбілдин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети