15 сәуір 2021 | 15:47

ШҚО-да балабақшаның экс-директоры мен бас есепшісі 63 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Шығыс Қазақстан облысындағы балабақша директоры мен есепшісі 63 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысындағы балабақша директоры мен есепшісі 63 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақша жымқыруға қатысты алғашқы дау 2019 жылдың қаңтарында туған болатын. Ол кезде Мамандандырылған балалар үйінің 160 қызметкері Жаңа жыл қарсаңында жалақысыз қалған еді. Сол уақытта Желіге мекеменің бас есепшісі адамдардың алдында директормен бірге 15  миллион теңгені жымқырғанын айтып тұрғаны туралы видео тарады. Ол ақша жетім балаларға да қарастырылған болатын. 

Жалақысыз қалған қызметкерлер іс қараусыз қалады деген оймен прокуратура мен БАҚ өкілдерінен көмек сұрап, қылмыстық іс қозғалған. 

"Өскеменнің № 2 соты қылмыстық істі қарауға кірісті. Бюджет қаражатын жымқыру айыптары Мамандандырылған балалар үйінің бұрынғы қызметкерлеріне - экс-директорға, бас есепшіге және кадрлар бөлімінің маманына қатысты тағылды. Олар 2015 жылдың наурызынан 2018 жылдың желтоқсанына дейін 63 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді", - деді Шығыс Қазақстан облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Қайрат Шақпантаев.

Сот мәліметінше, оларға Қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша айып тағылды. Бұл бапқа сәйкес, айыпталушылар мүлкі тәркіленіп, 7-ден 12 жылға дейін сотталуы мүмкін. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 530.22  course up  545.66  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer