Шымкенттің ЖПҚ бастығына қатысты тергеу басталды - ПД

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттің ЖПҚ бастығына қатысты тергеу басталды - ПД t.me/kozachkow

Шымкент қаласының жергілікті полиция қызмет басқармасының бастығына қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Шымкент қаласының Полиция департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Шымкент қаласының Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы М.Бұхарбаевқа қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қазір Ішкі істер министрлігіне оны қызметінен босату туралы ұсыныс жолданды", - делінген хабарламада.

Михаил Козачковтың Telegram-арнасында Шымкент Полиция департаменті рота офицері-командирінің видеосы жарияланды. Кадрда ол Қазақстан Президенті мен ішкі істер министріне жүгінеді. Офицердің айтуынша, Шымкент Полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Мұхтар Бұхарбаев оны қымбат заттар - жиһаз, жабдық, iPhone-ға құлаққап сатып алуға мәжбүрлеген.

"Дәлелдерді тергеуге бердік. Барлық дәлелге қарамастан, Бұхарбаев әлі күнге дейін өз орнында отыр. Іс Шымкент қаласының ҰҚК-не тапсырылды. Арызымды алу үшін маған белгісіз адамдар 10 миллион теңге ұсынып отыр. Мен адал полиция қызметкерімін, оны қабылдамаймын", - деді видео авторы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +28
Астана +33
Ақтау +30
Ақтөбе +29
Атырау +31
Б
Балқаш +35
Ж
Жезқазған +33
Қ
Қарағанды +24
К
Көкшетау +22
Қ
Қостанай +36
Қызылорда +27
П
Павлодар +23
Петропавл +33
С
Семей +31
Т
Талдықорған +35
Тараз +39
Түркістан +27
О
Орал +29
Ө
Өскемен +37
Ш
Шымкент +30

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер