13 наурыз 2020 09:24

Сыныптасын зорлаған оралдық оқушылар тергеуге алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет © elements.envato.com Көрнекі сурет © elements.envato.com

Оралда 9-сыныпта оқитын қызды зорлағандардың арасында кәмелет жасына толғандардың да бар екені белгілі болды. Қазір осы іске қатысы бар күдіктілер тергеліп жатыр, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 


Оралда 9-сыныпта оқитын қызды зорлағандардың арасында кәмелет жасына толғандардың да бар екені белгілі болды. Қазір осы іске қатысы бар күдіктілер тергеліп жатыр, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

Телеарна мәліметінше, жәбірленушінің анасы 9 наурызда құзырлы орындарға арыз түсірген. Осыдан кейін тергеу амалдары басталыпты.

"Осы арыз негізінде көрсетілген дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы, 3-бөлігі, 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Іс бойынша барлық қажетті алғашқы тергеу амалдары орындалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді БҚО полиция департаменті тергеу бөлімінің басышысы Шералы Абдрахманов. 

Полиция мәліметінше, 8 наурыз мерекесін атап өтпек болған оқушылар тәулікке жалға берілетін пәтерде бас қосқан. Оқиға да сол жерде болған. Сақшылар үйін кәмелетке толмағандарға жалға берген тұрғынды да тексеруге алыпты. Ал қалалық білім бөлімі ата-аналарды жинап жиналыс өткізбек.

"Ата-аналар жиналысында мектеп педагогтары, мектеп психологтары және мектеп инспекторлары балалардың сабақтан тыс уақыттағы қауіпсіздігі бойынша әңгіме қозғайды. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнама актілеріне сәйкес әкімшілік жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі", - деді Орал қаласындағы білім бөлімінің бас маманы Жазира Рысқазиева. 

Оқушыны зорлағандар арасында кәмелет жасына толғандар да бар екені анықталған. Егер дәлелдер жеткілікті болса, бұл аса ауыр қылмыс болып саналып, күдіктілер 12-17 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Алайда қыздың зорлануына қатысты нақты деректер арнайы сараптама қорытындыларынан кейін белгілі болмақ.

Еске салайық, кеше Оралда мектеп оқушылары Халықаралық әйелдер күнін тойлау кезінде 9-сынып оқушысын зорлап кеткені хабарланған. Мереке күні қыздың ата-анасы мейрамды "өздерің тойлай беріңдер" деп рұқсат беріп, барлығын үйде қалдырып кеткен. Нәтижесінде сол кеште бірнеше бала оқушы қызды зорлаған.

Оралда бір топ жігіт 8 наурызды тойлау кезінде 9-сынып оқушысын зорлап кеткен

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети