02 желтоқсан 2020 17:09

Тараз тұрғыны бірнеше қазақстандықты мессенджер арқылы алдап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elements.envato.com © elements.envato.com

Тараз қаласының тұрғыны мессенджер арқылы қазақстандықтардан 4,5 миллион теңге алып қойған, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Тараз қаласының тұрғыны мессенджер арқылы қазақстандықтардан 4,5 миллион теңге алып қойған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының полициясына Тараз, Алматы, Қарағанды және Нұр-Сұлтанның 17 тұрғыны шағымданған. Олар берген арыздарында белгісіз әйел мессенджерлердің біріндегі "Байлық құпиясы" және "777" деген топтарға қосқанын айтқан. 

Топта әйел адам олардың салған ақшасын 30-60 пайызға көбейтіп беретінін айтқан. Топтар қаржы пирамидасы бойынша құрылған: достары мен жақындарын шақырғандарға бонус берілген. 

Бастапқыда бірнеше адам пайызбен ақша алған. Азаматтардың сеніміне кірген әйел адам жалпы 4,5 миллион теңге жинап, артынша телефон номерын ауыстырып жіберген.  

Жамбыл облысының полицейлері Тараз қаласының 50 жастағы тұрғынын күдікті ретінде ұстады. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті жасаған ісін мойындады. 

"Егер осы әйел адамның алаяқтық әрекетінен зардап шеккен болсаңыз полицияға жүгінуіңізді сұраймыз", - деді полицейлер. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети