01 қаңтар 2021 17:38

Түркістан тұрғыны мейрамханада ұжымдық іс-шара өткізген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Түркістан қаласының полицейлері бір айдың ішінде карантин талаптарын бұзудың 80 жайтын анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Түркістан қаласының полицейлері бір айдың ішінде карантин талаптарын бұзудың 80 жайтын анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Портал мәліметінше, Түркістан облысы Полиция департаментінің жеке құрамы карантинге байланысты күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр. Яғни қала, аудан аумағында күндізгі және түнгі рейдтік жұмыстар, оның ішінде адам көп жиналатын басқосулар, той-жиындар, іс-шараларды өткізуге тыйым салу мен қауіпсіздік шараларын қадағалау жұмыстары жүргізілген. Осындай кезекті рейд жұмыстары барысында Түркістан ҚПБ-ның қызметкерлері мобильдік топпен бірге ағымдағы жылдың желтоқсан айында ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы ("Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзуы") бойынша 80 құқықбұзушылықты анықтады.

Мәселен Түркістан қаласының тұрғыны мейрамханалардың бірінде 30 адамды шақырып, ұжымдық іс-шара өткізген. Аталған жайтқа сәйкес полицейлермен мейрамхана меңгерушісі мен той иесіне қатысты заң аясында шара көрілді.

Сондықтан Түркістан облысының полицейлері карантин режимі кезінде бекітілген талаптарды орындамай, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретін азаматтарға заң аясында жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети