14 тамыз 2020 15:17

Түркістанда тұрғындарды 170 миллион теңгеге алдап кеткен алаяқ ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сайрам тұрғындарды асыл тұқымды жылқы-сиырлар әкеліп беремін деп алдаған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Сайрам тұрғындарды асыл тұқымды жылқы-сиырлар әкеліп беремін деп алдаған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдікті сеніміне кіріп, алдау жолымен жәбірленушілерден 150 миллион теңгеден аса ірі көлемде ақша жымқырған.

Тамыз айының басында АПБ-на бес жергілікті тұрғын арызданып келеді. Жәбір көрушінің бірі 2019 жылдың ақпан айы мен 2020 жылдың шілде айлары аралығында сырттай танысы Қостанайдан асыл тұқымды сиырлар әкеліп беремін деген сылтаумен 77 миллион теңгесін алаяқтықпен алдап алғандығы туралы шағымданған.

Ал келесі жәбірленуші болса, күдікті адам Солтүстік Қазақстаннан жылқылар алып келіп беремін деп, 2,4 миллион теңгесін жымқырып, уәдесін орындамай кеткендігін хабарлады. Үшінші жәбірленушіден 10 миллион алса, енді бірінен 200 бас жылқы үшін 77 миллион, соңғысынан сегіз  миллионға жуық ақша алған.

Осылайша күдікті жәбірленушілерге берген уәдесін орындамай, не ақшасын қайтармай уақыт созып жүріп алған.

Бұл деректер Сайрам аудандық полициясымен тіркеліп, яғни ҚР ҚК–нің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша енгізілді.

Сайрамдық полицейлер күдікті ұстау мақсатында жәбірленушілерден жауап алып, жедел-іздестіру шараларына кірісті. Нәтижесінде күдікті ретінде жергілікті тұрғын, жігітті ұстады. Тергеп-тексеру барысында қолға түскен күдіктінің алаяқтықтың бес жайтына қатыстылығы және жәбірленушілерге 170миллион теңгеден аса шығын келтіргендігі айқындалды. Күдікті алған ақшаларды қажеттілігіне жаратып жіберген. Өз кінәсін толық мойындап отыр. Қазіргі таңда полицейлер күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы анықталып жатыр.

Полиция мәліметінше, ол қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети