25 қыркүйек 2023 11:18

ҰҚК Сирияда ДАИШ содырын ұстап, Қазақстанға жеткізді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сирияда ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) құрамында болған Қазақстан азаматын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сирияда ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) құрамында болған Қазақстан азаматын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ұлытау өңірі тұрғындарының біріне қатысты терроризмді насихаттап, діни алауыздықты қоздыру мен лаңкестік топтың әрекетіне қатысу дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

"Ұлытау облысы Сәтбаев аудандық соты оны осы қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушы 2016 жылы отбасымен бірге Сирияға барып, онда ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған) құрамында болғанын тергеу анықтады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде содырдың шетелде жүрген жері анықталып, содан соң шетелдік серіктестердің көмегімен оны ұстауға және 2023 жылдың маусым айында ҰҚК жасағымен Қазақстанға жеткізілуіне мүмкіндік туды", - делінген хабарламада.

2023 жылғы 22 қыркүйекте үкім заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети