04 қаңтар 2023 | 13:16

ҰҚТ басшылары мен белсенді мүшелері ұсталды - ҰҚК

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қауіпсіздік күштері ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшілері мен мүшелерін ұстау бойынша арнайы операция жүргізді. 18 адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қауіпсіздік күштері ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшілері мен мүшелерін ұстау бойынша арнайы операция жүргізді. 18 адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылғы 3 қаңтарда ҚР ҰҚК мен ІІМ Ресейлік Федералдық қауіпсіздік қызметі және ІІМ-мен бірге Байқоңыр қаласында құрамына Қазақстан және Ресей азаматтары кірген қоғамға қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесу бойынша бірлескен арнайы операцияны іске асырған.

"Бір уақытта Астана, Қызылорда және Қонаев қалаларында осы топтың көмекшілері ұсталды.

Жалпы арнайы операция барсында ұйымдасқан қылмыстық топтың 18 басшылары мен белсенді мүшелері ұсталды.

Олардың тұрғылықты жерлері бойынша атыс қаруы, ақшалай қаржы және тергеу үшін қызығушылық тудыратын өзге де материалдар алынды", - делінген хабарламада.

ҰҚК мәліметінше, қылмыстық топтың адам ұрлауға, бопсалауға, қарумен қарақшылық шабуылдау және ұрлыққа қатыстылығы бары анықталған. Қылмыстық элементтер ұзақ уақыт бойы Байқоңыр қаласы және Қызылорда облысындағы қылмыстық ахуалға кері әсер етіп келіп, ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасауда қатыгездіктерімен ерекшеленген.

"Мысалы, 2022 жылғы қыркүйекте қылмыстық топтың қатысушылары арасындағы қарулы қақтығыс салдарынан көшеден өтіп бара жатқан бейбіт адам оқ жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмған", - дейді ҰҚК өкілдері.

ҰҚК қызметкерлері арнайы операцияны прокуратурамен келісе отырып, жедел-іздеу және техникалық іс-шаралардың кешенін жүргізу арқылы көп айлар бойы тыңғылықты әзірлеп келген.

Қазіргі уақытта соталды тергеу аясында ұсталғандардың өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде және қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 492.2   529.13   5.02 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети