21 тамыз 2014 10:54

Бельгия прокуратурасы Винокуровты пара берді деп айыптады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бельгия прокуратурасы қазақстандық велошабандоз, Олимпиада ойындарының чемпионы Александр Винокуровты қарсыласына пара берді деп айыптап отыр. Бұл туралы Vesti.kz бельгиялық БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап хабарлайды. 

Дәл осындай айып ресейлік спортшы Александр Колобневке де тағылды. Тергеу мәліметі бойынша, 2010 жылы Винокуров бір күндік "Льеж - Бастонь - Льеж" бәйгесінің мәресінде Колобневтің жеңіліп қалуы үшін оған 150 мың еуро берген. 

Халықаралық велошабандоздар одағы Александр Винокуров пен Александр Колобневтің 2012 жылы пара алуы мүмкін деген айыптарына қатысты тергеу жұмыстарын бастады. Тергеудің басталуына жарыс аяқталған соң Винокуров пен Колобневтің электронды почта арқылы хат алмасқандары себеп болып отыр.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Винокуров - "Астана" велокомандасының бас менеджері. Ал Колобнев ресейлік "Катюша" клубында өнер көрсетеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети