17 ақпан 2020 11:04

NASA ғарыштың шегі қандай болатынын көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/nasa © instagram.com/nasa

NASA орбитада түсірілген жылтыраған бұлттардың суретін жариялады. Агенттік өкілдері мұны "ғарыш шегінің ашық хаты" деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


NASA орбитада түсірілген жылтыраған бұлттардың суретін жариялады. Агенттік өкілдері мұны "ғарыш шегінің ашық хаты" деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұлттардың суреті NASA ұйымының Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды. Жарияланғаннан кейін алты сағат өткен соң суретке жарты миллионнан аса қолданушы "ұнайды" деген баға берген. 

"Осындай бұлттың түсін тек күннің жер көкжиегінен төмен түскенде және оларды жарықтандырғанда ғана көруге болады", - делінген суреттің сипаттамасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от NASA (@nasa)

Агенттік өкілдері бұл суретті Тынық мұхитының оңтүстік бөлігінен 269 миль (433 шақырым) биіктікте ХҒС түсіргенін айтады. Күміс түсті бұлттардың немесе "түнгі жарық беруші бұлттардың", - біздің планетамыздың атмосферасындағы ең биігі болып саналатыны айтылады. 

Күміс түсті бұлттар Жердің мезосферасында шамамен 76-85 шақырым биіктікте пайда болады, оларды 50 және 70 градус солтүстік және оңтүстік ендік арасындағы ендікте жазда ымыртта көруге болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети