13 шілде 2016 15:31

Бұлшықет өсіру үшін ауыр салмақ көтерудің қажеті жоқ екен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© steelfactor.ru © steelfactor.ru

Канадалық дәрігерлер жеңіл салмақ көтеру жаттығуын жасау арқылы бұлшықет массасын жинауға болады деген шешімге келді, яғни ауыр зілтемірді көтеріп жатыққаннан еш айырмашылық жоқ. Осы салада зерттеулер Journal of Applied Physiology журналында жарияланған, қысқаша мәлімет Макмастер Университетінің (Канада) сайтында жарияланған.

Егер жаттығуды ауыр затқа қарағанда жеңіл затпен көбірек жасаса қорытындысы бірдей болмақ. Жаттығудың басты мақсаты бұлшық етінің шаршауы екен. 

Зерттеулер барысында ғалымдар ер адамдардан құралған екі топпен жұмыс жасаған. Олар 12 апта бойы зілтемірмен жұмыс жасаған. Бірінші команда салмағы аз зілемірлерді 20-25 рет қайталап көтеріп отырған, ал екінші команда ауыр салмақпен жұмыс жасаған 8-12 рет қайталап көтеріп отырған. Екі топ та бұлшықет талғанша көтеріп отырған.

Эксперименттің соңында (12 апта өткен соң) медициналық қызметкерлер бұлшықет тінін және қанын тексеріп, баға берді. Қорытынды бойынша екі топтың да көрсеткіші бірдей болған.

Ғалымдардың айтуынша "бұлшықет масасын шығару үшін ауыр салмақ көтеріп қана нәтиже шығаруға болады" деген стереотиптен арылып, осындай балама жеңіл нұсқадағы жаттығуды ұсынады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети