22 маусым 2016 13:41

Диетологтар асты жиі әрі аз мөлшерден ішудің пайдасы жоқ екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Globallookpress.com © Globallookpress.com

АҚШ және Ұлыбритания ғалымдары тамақты жиі әрі аз мөлшерде ішудің пайдасы жоқ екенін айтты. Осы тақырыпқа арналған екі зерттеу Proceedings of the Nutrition Society басылымында жарияланды. Бұл туралы EurekAlert хабарлайды.


АҚШ және Ұлыбритания ғалымдары тамақты жиі әрі аз мөлшерде ішудің пайдасы жоқ екенін айтты. Осы тақырыпқа арналған екі зерттеу Proceedings of the Nutrition Society басылымында жарияланды. Бұл туралы EurekAlert хабарлайды.

Ғалымдар әріптестерінің адамның денсаулығына тамақ ішу тәртібінің қалай әсер ететіні жайлы тақырыптағы жұмыстарын зерттеген еді. Оның ішінде ғалымдарды тамақты жиі әрі аз мөлшерде ішетін диета қызықтырған болатын.

Адамдар күнделікті тәуліктік ас ішу тәртібін сақтаған жағдайда, әрине, тамақ ішу жиілігі артады. Бірақ бұл денедегі артық салмақтан арылуға жағымды әсер етпейді екен. Ғалымдардың айтуынша, артық салмақтан тек күнделікті тәуліктік нормадағы азық-түліктің калориясын азайтқан жағдайда арылуға болады.

Сонымен қатар, ғалымдар отбасылық таңғы, түскі және кешкі астың пайдасын айтып өтті. Диетологтардың айтуынша, күнделікті таңғы асты ішу арқылы кешкі астағы калорияны азайтуға болады екен. Дегенмен ғалымдар тәуліктік тамақты дұрыс ішу нормасына қатысты тұжырымды кеңестерді айта алмады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети