29 қыркүйек 2020 12:15

Ғалымдар коронавирустан қорғайтын спрей ойлап тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Австралиялық Ena Respiratory компаниясы коронавирустың тыныс жолдарында таралуына жол бермейтін спрей ойлап тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі зерттеу мәліметтеріне сілтеме жасап.


Австралиялық Ena Respiratory компаниясы коронавирустың тыныс жолдарында таралуына жол бермейтін спрей ойлап тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі зерттеу мәліметтеріне сілтеме жасап.

Ғалымдар бірнеше зерттеу жүргізген. Нәтижелер INNA-051 препаратының мұрын мен тамақтағы вирустың репликациясын 96 пайызға төмендетіп, инфекция қаупін азайтып, оның таралуын төмендететінін көрсеткен.

"Біздің еміміздің қаншалықты тиімді болғанына таң қалдық. Біз вирустың тез жойылғанын көрдік", - дейді Ena Respiratory басқарушы директоры, доктор Кристоф Демезон.

Алғаш рет INNA-051 мпрейі суықтан және тұмаудан қорғау үшін жасалынған екен, бірақ оның тиімділігі туралы нақты дәлелдер болмағандықтан мақұлданбаған дейді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети