04 қараша 2020 09:34

Иммунолог кімдерге коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға асығуға болмайтынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Инфекционист дәрігер, иммунолог Георгий Викулов Sputnik радиосына берген сұхбатында коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға неліктен асықпау керегін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Инфекционист дәрігер, иммунолог Георгий Викулов Sputnik радиосына берген сұхбатында коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға неліктен асықпау керегін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маманның сөзінше, вакцина барлық адамға әсер етпеуі мүмкін. Оның себебі препараттың сапасында немесе иммунизация жүру техникасының бұзылуында емес. Оған әр адамның организмінің өзіне тән ерекшелігі себеп болуы мүмкін. 

Дәрігер адамдардың бір пайызына вакцинация жеткілікті түрде немесе мүлде әсер етпеуі мүмкін екенін айтады. 

"Вакцинацияға жауап беру қабілеті бірнеше факторға байланысты: вакцинация кезіндегі иммундық жүйенің жағдайынан иммунизация жүрудің техникасына және вакцинаның тұрақтылығы мен белсенділігіне дейін. Одан бөлек, иммунодефицит жағдайындағы адамдар бар", - дейді Викулов. 

Иммунолог дәрігер вирусқа қарсы антидененің қалыптасуына не әсер ететінін түсіндірді.

"Антидененің қалыптасуына адамның қабылдаған препараттары, белгілі бір аурудың асқынуы және бастысы - жасушалар, яғни антидененің қалыптасуына әсер ететін механизм қажет. Коронавирустан қорғануда антиденелер маңызды әрі басты рольдегі зат емес", - дейді маман.  

Маманның сөзінше, кей жағдайда тіпті екпе салдыруға болмайды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети