02 наурыз 2022 09:55

Жүктілік кезінде қандай тағамдар инфекциялық ауру туғызуы мүмкін?

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: elements.envato.com Көрнекі сурет: elements.envato.com

Жүктілік кезінде дұрыс тамақтану өте маңызды. Болашақ ананың рационы - баланың дұрыс дамуы үшін ең қажет компонент. Tengrinews.kz тілшісі Семей медицина университетінің зерттеушісімен сұхбаттасып, аяғы ауыр әйелдердің қандай тағамдарды тұтынуы керегін сұрады. 


Жүктілік кезінде дұрыс тамақтану өте маңызды. Болашақ ананың рационы - баланың дұрыс дамуы үшін ең қажет компонент. Tengrinews.kz тілшісі Семей медицина университетінің зерттеушісімен сұхбаттасып, аяғы ауыр әйелдердің қандай тағамдарды тұтынуы керегін сұрады. 

Диас Ақпаров кейінгі 4 жыл бойы жүктілік кезінде пайда болатын аурулар мен оның алдын алу жолдарын зерттеумен айналысады. Сонымен қатар, оның Georgian Medical News журналында жүктілік кезінде тұтынылуы керек тағамдар мен зиян өнімдер туралы мақаласы жарияланған. 

Зертеуші, ең алдымен, жүктілік кезіндегі тамақтану аспектілеріне тоқталып, оны екі кезеңге бөлді. 

"Жүктілік кезеңі екіге бөлінеді. Бірінші кезеңде организмге жетіспейтін дәрумендер мен минералды заттардың орнын толтыру қажет. Яғни болашақ ана барлық тамақ тобының өнімін қабылдайды. Бұл сүт өнімдері, жемістер мен көкөністер және ет. Дегенмен, бұл жерде ескерілуі керек жағдай бар. Рационның 45 пайызы жарма өнімдері, 30 пайызы көкөністер мен жемістер, 20 пайызы сүт өнімдері және ет, тек 5 пайызы ғана қант пен майлы тағамдар болуы шарт.

Бірінші жүктілік кезінде 4 рет тамақтану жеткілікті болса, екінші фазада 5 не 6 рет тамақтану қажет болады. Себебі жүктіліктің екінші кезеңінде ұрық тез өседі, сондықтан ол көбірек қоректік заттарды қажет етеді", - дейді ол.

Енді не жеуге болмайды?

Зерттеушінің сөзінше, жүктілік кезінде әйел ағзасына ауыр салмақ түседі.

"Осындай жағдайда ағзаның қалыпты жұмысына зиян келтірмеу үшін, ең алдымен, майлы және қуырылған тағамдардан бас тартқан абзал. Егер иммунитет бұл тағамдарды қатты қалап тұрса, күнбағыс майының орнына зәйтүн майын қолдануға болады, себебі оның зияны әлдеқайда аз.

Қант пен тұздың мөлшерін азайту маңызды. Көптеген болашақ ана "мен емес, іштегі баланың қалауы" деп өз рационына дұрыс қарамайды. Бұл бірінші кезекте әйелдің ағзасындағы проблемаларды көрсетеді", - дейді маман.

Диас Ақпаровтың сөзінше, жүкті кезде жұмыртқадан да абай болған жөн.

"Егер оны дұрыс әрі толық қайнатпаса, сальмонеллалар пайда болуы мүмкін. Ал оның арты инфекциялық ауруға әкеліп соғады", - дейді маман.

Зерттеуші кофені де ішуге болмайтынын айтады.   

"Оның құрамында бар кофеин қан қысымын жоғарылатады, одан бөлек, ол микроэлементтердің бөлінуіне кедергі жасайды. Сонымен қатар, тұздалған, ысталған және ащы тағамдарды азайту керек. Себебі бұл тағамдар адамның тәбетін жақсы ашады, салдарынан әйел артық салмақ жинауы мүмкін. Ал жүктілік кезінде пайда болған артық салмақ сәбидің ірі болып тууына әкеледі. Бізде ірі бала туса, дүниеге батыр келді деп қуанамыз, бірақ бұл қате түсінік. Бұл баланың алдағы уақытта семіруге икемділігі көп болады дегенді білдіреді, одан бөлек ірі ұрық босану кезінде проблемаға айналады", - дейді ол. 

Зерттеушінің сөзінше, цитрус өнімдерін (апельсин, лимон, жүзім, құлпынай, анар, таңқурай және ананас) мөлшерінен тыс қабылдауға болмайды. Себебі бұл жемістер аллергия тудырғыш заттар тобына жатады. Бұл өз кезегінде тамақ аллергиясын тудырады. 

Ақпаров тамақтану уақыты мен оның жиілігін түсіндірді.

"Кешке қарай артық калория жинауға болмайды. Мысалы болашақ ана 18:00-де тамақтанса, ары қарай тек өте жеңіл өнімдерді қабылдауы керек. Бұл айран не жеміс-жидек түрлері болуы мүмкін. Сондай-ақ, жүкті әйелдерге ешқашан тамақты мөлшерінен тыс жеуге болмайды, бұл денсаулық үшін аса қауіпті фактор екенін ескерсе екен", - деді зертеуші. 

Әңгімелескен Мұхтар Жәмішжанов

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети