09 тамыз 2022 09:19

Кімдер қатерлі ісікке жиі шалдығады?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғалымдар қатерлі ісікке шалдығатындар арасында әйелдерге қарағанда ерлер көп екенін анықтады. Мұның себебі ер мен әйелдің биологиялық ерекшелігі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Gazeta басылымына сілтеме жасап.


Ғалымдар қатерлі ісікке шалдығатындар арасында әйелдерге қарағанда ерлер көп екенін анықтады. Мұның себебі ер мен әйелдің биологиялық ерекшелігі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Gazeta басылымына сілтеме жасап.

АҚШ Ұлттық денсаулық сақтау институтының ғалымдары 1995 жылдан 2011 жылға дейін 50 мен 71 жас аралығындағы 171 274 ер адам мен 122 826 әйелдің қатерлі ісік ауруының 21 түрінің қаупінің айырмашылығын бағалады. Осы уақыт ішінде ерлер арасында - 17 951, әйелдер арасында 8 742 жаңа қатерлі ісік ауруы тіркелген.

Осылайша, ерлер арасында қатерлі ісік ауруының даму қаупі әйелдерге қарағанда орта есеппен 3,3-10,8 есе көп болған. Мысалы, өңеш қатерлі ісігінің қаупі - 10,8 есе, көмей ісігі - 3,5 есе, асқазан - 3,5 есе, қуық ісігі  3,3 есе көп.

Зерттеу нәтижесі бойынша, ер адамдардың қатерлі ісіктің кез келген түрін жұқтыруға бейім келетіні анықталған. Олар тіпті мінез-құлқын түзеп, аурудың даму ықтималдығын арттыратын факторларды (темекі шегу, алкоголизм) қойған күнде де бұл көрсеткіш төмендемеген. Ғалымдар оның себебі жыныстық айырмашылықта болуы мүмкін деп болжайды.

Зерттеушілер қатерлі ісік қаупімен байланысты жыныстық айырмашылықтардың себептерін зерттеуді жалғастырады, бұл аурудың алдын алу мен емдеуді жақсарту үшін маңызды ақпарат бере алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети