10 қаңтар 2018 12:42

Өмір жасын ұзартудың ең нәтижелі тәсілі аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет. © jv.ru Иллюстрациялық сурет. © jv.ru

Техас университетінің Оңтүстік батыс медициналық орталығының ғалымдары физикалық жаттығулар жүрек-қан тамырлары жүйесінің қартаюы мен мезгілсіз қаза болу қаупінен сақтайтынын айтады, - деп хабарлайды MedicalXpress.

Зерттеуге орта жастағы 50 адам қатысқан. Бұл топ екі топқа бөлініп, бірі екі жыл бойы физикалық жаттығулармен, ал екіншісі - йогамен айналысқан. 

Аптасына 4-5 рет өткізілген жаттығу 30 минутта болған, ал серуен, аэробика, велосипед тебу мен тенниске бір сағат уақыт бөлінген. Алғашында жаттығулар жеңіл, ал 10 айдан кейін күрделене берген. 

Осылайша, бірінші топтағы адамдарда жаттығулар арқасында оттегін тұтыну 18 пайызға артып, жүректің сол жақ құлақша етінің созылмалылығы 25 пайызға жақсарған.

Мамандардың ұсынысы бойынша, барынша пайда үшін 65 жасқа дейін жаттығу қажет. Ұзақ отыру өмір салты жүрек бұлшықетінің қартаюына және қан айналымының нашарлауына әкеп соғады екен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети