25 қаңтар 2022 09:26

Пандемия соңы туралы айтуға әлі ерте - ДДСҰ басшысы

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус COVID-19 пандемиясының өткір кезеңі аяқталуы мүмкін деген болжамнан сақтандырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасай отырып.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус COVID-19 пандемиясының өткір кезеңі аяқталуы мүмкін деген болжамнан сақтандырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасай отырып.

ДДСҰ басшысының айтуынша, омикрон маңызы бар соңғы штамм және пандемия жақында аяқталады деп ойламау керек.

"Пандемия қалай дамитыны және өткір кезең қалай аяқталуы мүмкін екені туралы түрлі сценарий бар. Бірақ омикрон соңғы штамм болады немесе пандемия аяқталады деп болжау қауіпті. Керісінше, әлемдік деңгейде жаңа штамдардың пайда болуына әкелетін түрлі жағдайлар бар", - деді Тедрос ДДСҰ атқарушы кеңесінің отырысында.

Сонымен қатар, Гебрейесус коронавирус биыл денсаулық сақтау саласындағы жаһандық дағдарыс бола алмайтынын айтты. Алайда бұл үшін жылдың ортасына қарай әр мемлекет халқының 70 пайызы вакцина алуы, сондай-ақ, вакцинация жүйесін жақсартуы қажет.

"Биыл COVID-19-ды жаһандық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай ретінде тоқтата аламыз", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети