Шымкентте қатерлі ісікке шалдығу жиілеген

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қатерлі ісікке шалдыққан әйелдер қатары соңғы жылдары Шымкентте күрт көбейді. Тіпті қала бойынша бір жылдың ішінде бұл дерт 90 нәзікжандыдан анықталған. Осылай деген қалалық онкология орталығы ашық есік күнін өткізді. Басты мақсат жаман аурудың алдын алу. Ол үшін ақ халаттылар әйелдерді тексерістен өткізіп, тегін кеңес берді, - деп хабарлайды "Отырар"

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қатерлі ісікке шалдыққан әйелдер қатары соңғы жылдары Шымкентте күрт көбейді. Тіпті қала бойынша бір жылдың ішінде бұл дерт 90 нәзікжандыдан анықталған. Осылай деген қалалық онкология орталығы ашық есік күнін өткізді. Басты мақсат жаман аурудың алдын алу. Ол үшін ақ халаттылар әйелдерді тексерістен өткізіп, тегін кеңес берді, - деп хабарлайды "Отырар"

Қатерлі жатыр ісігі - әйелдер арасында кеңінен таралған дерт. Шымкент қаласы бойынша жыл сайын бұл ауру 90 әйелден табылады. Ал оны ерте анықтауға скрининг аппараты себеп болған. Ауруды ерте бастан анықтайтын құрал қаламызға осыдан 2 жыл бұрын әкелінген еді.

Жаман аурудан аулақ болудың ең тиімді жолы жыл сайын тексеріліп тұру. Осылай деген ақ халаттылар ашық есік күнін өткізді. Мұнда нәзік жандылар ақысыз тексеріліп, кеңес алды. Дәрігерлер бір сағаттың өзінде 20 тұрғынды қабылдап үлгерді.

Аталмыш акция еліміздің барлық аймағында ұйымдастырылған. Мамандардың әйелдерге айтар ең үлкен ескертпесі - денсаулыққа салғырт қарамау. Гинекологқа жылына екі рет қаралуды қадап айтқан ақ халаттылар кез-келген ауруды бастапқы деңгейде емдеуге болатынын айтады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer