01 қазан 2019 09:28

Ағасының көлігін ұрлап мінген жасөспірім үш баланы қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте көлік жүргізушісі үш адамды қағып кетті: олардың біреуі қаза тапты, тағы екеуі ауруханаға түсті. Қайғылы жағдай көлік тым аз жүретін көшелердің бірінде болды. Зардап шеккен ата-аналардың айтуынша, жол жиегіне шығып кеткен автокөліктің рөлінде өрімдей жас бала болған, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.


Шымкентте көлік жүргізушісі үш адамды қағып кетті: олардың біреуі қаза тапты, тағы екеуі ауруханаға түсті. Қайғылы жағдай көлік тым аз жүретін көшелердің бірінде болды. Зардап шеккен ата-аналардың айтуынша, жол жиегіне шығып кеткен автокөліктің рөлінде өрімдей жас бала болған, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Оқыс жағдай кеше кешкісін жетілер шамасында болған. Бұл кезде бір көшенің балалары топтасып осы жерде ойнап жүрген екен. Куәгерлердің айтуынша, балаларды қаққан көлік, артынша бағанаға соқтығысқан. 

Жол жиегінде ойнап отырған төрт баланың біреуі ғана қашып үлгерген. 7 жасар бала оқиға орнында қаза тапқан. Тағы екеуі қазір ауруханада жатыр. Жабық ми шайқалуы және сан сүйегінің сынуымен жансақтау бөліміне түскен 11 жастағы Әлібек Нәдір бүгін палатаға ауыстырылды. Анасы Салтанат Сатанованың айтуынша, ұлының аяғына әлі операция жасалады. Бастысы аман қалды деп шүкіршілік етіп отыр.

"Әлібектің апасы жүгіріп кірді, қақты көршінің баласын деп айтып жүгіріп кірді, сөйтсек көршінің ғана емес біздің бала, тағы бір көршінің баласын қаққан екен. Ағасының көлігін рұқсатсыз мініп кетті деп айтып жатыр жұрттар. Мен білеймін өзім, мен көрген бала жас бала жүрді сол жерде. 15-16 жастағы шығар көп болса. Ағасының ба, әкесінің бе көлігі. Дәрігерлер екі баланың да өміріне қауіп жоқ екенін жеткізді. Дегенмен, әлі біраз күн ем алады", - дейді баланың анасы

"Екінші бала Назырханов Назырхан деген ол 10 жасар бала, ол бас миының шайқалуымен нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Жағдайы екеуінің де халі бүгінгі таңда бірқалыпты ауыр. Бірақ емдерінің бәрін алып жатыр", - дейді Түркістан облыстық балалар клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Әбдішүкір Егізбаев.

Қаза тапқан бүлдіршіннің денесі бүгін жер қойнына тапсырылды. Ол 1-сыныпқа биыл ғана барған, отбасының зарығып көрген перзенті екен. Бұл жағдай атасының көз алдында болған.

Қазір бұл іспен полиция айналысып жатыр. Күдікті уақытша қамауға алынған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети