01 тамыз 2021 15:20

Ақтау тұрғындары қалада жайылып жүрген жылқыларға шағымданды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

Ақтау тұрғындары қалада жайылып жүрген жылқыларға шағымданды. Олардың айтуынша, жылқылар жасыл желекті таптап, бүлдіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.


Ақтау тұрғындары қалада жайылып жүрген жылқыларға шағымданды. Олардың айтуынша, жылқылар жасыл желекті таптап, бүлдіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғын Оксана 1 тамызда Ақбота саябағында жайылып жүрген жылқыларды видеоға түсіріп алған. Оның айтуынша, жануарлар бұталар мен ағаштарды бүлдіріп, жасыл желекті таптап, жеп жүрген.

"Неге олар қалалық саябақта жүр, оның үстіне жасыл желекті таптап, бүлдіріп жатыр? Бәрінде таңба бар, мүмкін иесін анықтау керек шығар", - дейді ол видеода.

Сондай-ақ, 8-ші шағынауданда № 14 үй маңында да жылқылар жүргені видеоға түсірілген. Бірнеше жылқыны 6-шы шағынаудандағы жергілікті тұрғын № 21 үйдің маңында суретке түсіріп алған. Тағы бірі 1а шағынауданы маңындағы жағалауда жануарлар жүргенін байқаған.

Айта кетейік, биыл Маңғыстау облысында құрғақшылық байқалып отыр. Өңірде өлген мал саны үш мыңға жетті. Маусымның басында желіде аштықтан өліп жатқан жылқылардың суреттері пайда болды. Кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров отставкаға кету керегін айтып, шенеунікті қызметінен босатты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети