20 қазан 2020 17:01

Ақтөбеде полицейлерге бағынбаған мейрамхана күзетшісінің видеосы тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Ақтөбе полицейлері қаладағы екі мейрамханада өтіп жатқан тойды тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.


Ақтөбе полицейлері қаладағы екі мейрамханада өтіп жатқан тойды тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.

Бірінші жағдай 17 қазанда Заречный-2 ауылында анықталды. Рейд кезінде учаскелік полицейлерге үйлену тойын өткізген мейрамханалардың бірінде бас санитар дәрігердің талаптары бұзылғаны туралы хабарланды. Тексеру барысында дәлелдер расталды.

"Мейрамханада 60 адамға арналған той өткізілді. Мейрамхананың күзетшісі оларды тоқтату туралы заңды талаптарға жауап бермей, учаскелік полиция қызметкерлеріне бағынбады. Нәтижесінде ол іс сотта қаралғанға дейін ұсталды", - деп хабарлады полициядағылар.

Мейрамхана иесіне Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы ("Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы талаптарын бұзу") бойынша материал жиналды. Процессуалдық шешім қабылдау үшін құжаттар тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау қалалық бөліміне жолданды.

Кейінірек осыған ұқсас жағдай 18 қазанда сол ауданда тіркелген.

"Рейд барысында мейрамханалардың бірінде 60 адамға арналған той өткізу фактісі анықталды. Бұл жағдайда мекеме иесіне қатысты материалдар жиналып, процессуалдық шешім қабылдау үшін қалалық бөлімге жіберілді", - деді Ақтөбе облыстық полиция департаментіндегілер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети