04 маусым 2015 | 15:04

Алматы балабақшасындағы ТЖ: Зардап шеккен балалардың соңғысы ауруханадан шыққалы жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Роза Есенқұлова © Роза Есенқұлова

Алматы балабақшасындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен соңғы бала ауруханадан шыққалы жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Балаларға арналған жедел медициналық көмек орталығының өкілдері айтып берді. Еске сала кетейік, балабақшадағы төтенше жағдай 20 мамырда болды, нәтижесінде 1 қыз қайтыс болып, 8 бала ауруханаға түсті.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы балабақшасындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен соңғы бала ауруханадан шыққалы жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Балаларға арналған жедел медициналық көмек орталығының өкілдері айтып берді. Еске сала кетейік, балабақшадағы төтенше жағдай 20 мамырда болды, нәтижесінде 1 қыз қайтыс болып, 8 бала ауруханаға түсті.

Балаларға арналған жедел медициналық көмек орталығында ТЖ кезінде зардап шеккен бір бала соңына дейін жатты. Ол бүгін, яғни 4 маусымда ауруханадан шығады. Сонымен қатар, Алматыда мектеп автобусының қатысуымен болған жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен соңғы бала да ауруханадан шығарылады.

Еске сала кетейік, Алматыдағы "Таугүл-1" шағынауданында жол талғамайтын көлік балабақша алдындағы балалар алаңына барып соғылған болатын. 46 жастағы жүргізуші әйел газ бен тежегішті шатастырып алған. Жүргізуші әйел, куәгерлердің айтуынша, артқа қарай жоғары жылдамдықпен жүріп келе жатып, балабақша қоршауына соғылған. Көлік, тәрбиешілердің айтуынша, 26 бала ойнап отырған балалар алаңына барып түскен. Бір бүлдіршін қаза тауып, тағы сегізі жарақат алып, Алматы қалалық №1 балалар ауруханасына жеткізілді. Кейін тағы бір баланың ауруханаға жеткізілгені белгілі болды.

Балабақшадағы жол-көлік оқиғасынан екі күн өткеннен кейін Алматыда Mazda автокөлігінің мектеп автобусымен соқтығысқаны хабарланған болатын. Нәтижесінде, алты бала зардап шекті. Олардың бесеуі - №1 балалар ауруханасында, ал бір бала №5 қалалық емханада ем алды. ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің мәліметінше, Mazda автокөлігі "Жол бер" белгісіне тоқтамаған. "Заводская көшесімен келе жатқан Mazda "Жол бер" белгісіне тоқтамаған, ал ол жол - қосалқы, сөйтіп ол негізгі орталық жолға шығып кетіп, KIA маркалы автобусына соғылды. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді, сотқа дейінгі өндіріс басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалады, оның ішінде сот-медициналық сараптамасы бар, ол арқылы дене жарақаттарының деңгейі анықталады", - деді Әзірбек.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети