24 қыркүйек 2021 14:40

Алматы бассейніндегі улану оқиғасы: балалардың ата-анасы мәлімдеме жасады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: elements.envato.com Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Алматы бассейндерінің бірінде уланып қалған балалардың ата-анасы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы бассейндерінің бірінде уланып қалған балалардың ата-анасы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде балалар ата-анасының видеосы жарияланды.

"Қазір бәрі жақсы, жағдайы тұрақты. Барлық бала дәрігерлердің қатаң бақылауында. Балаларға уақытында көмектесіп, сүт беріп, алғашқы медициналық көмек көрсеткен бапкерлер арқасында. Оларға еш шағымымыз жоқ, тез сауығып кетеді деп үміттенеміз", - деді ауруханаға түскен қыздардың бірінің анасы.

Басқа зардап шеккен балалар ата-анасы да онымен келіскен.

"Мен Михаил Жуков пен Кира Закинаның анасымын. Бүгін жаттығу кезінде техникалық ақау болды. Қазіргі уақытта балалардың жағдайы жақсы. Ешкімге шағымым жоқ, жаттықтырушылар тиісті шараларды жылдам қолданғанына ризамыз", - дейді тағы бір әйел.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті өкілдері ауруханаға жатқызылған 11 баланың 9-ы шығарылғанын, олардың екеуінің жағдайы орташа ауыр, тұрақты, емделіп жатқанын айтты.

Айта кетейік, бүгін, 23 қыркүйекте Алматыдағы бассейндердің бірінде 11 бала уланып қалған болатын. Олар - синхронды жүзу сабағына қатысқан 12-14 жастағы қыздар.

Жедел жәрдем ауруханасы балалардың жағдайы тұрақты екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети