02 сәуір 2014 | 12:27

Алматы маңында 60 гектар қураған ағаш өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Vesti.kz ©Vesti.kz

Алматы облысында бірнеше ауылдық округтің аумағында жалпы ауданы 60 гектарға жуық қураған ағаш өртенді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы облысында бірнеше ауылдық округтің аумағында жалпы ауданы 60 гектарға жуық қураған ағаш өртенді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департаменттің мәліметінше, 1 сәуір күні кешкісін Талғар ауданы Бесағаш ауылдық округінің аумағында тау бөктерінде бірнеше жерден өрт тұтанған. Ауылдық округ аумағында барлығы 40 гектардан астам жер өртенді. Қазіргі уақытта оқиға орнында өртке қарсы қызметтің 70-ке жуық маманы жергілікті әкімдік қызметкерлерімен бірге жұмыс істеп жатыр. Жалын жуық арада толық залалсыздандырылады. Төтенше оқиғаға себебі адамдардың өрт қауіпсіздігін сақтамауы себеп болған деп топшыланып отыр.

1 сәуірде Талғар ауданындағы Алатау ауылдық округінде тағы бір өрт тіркелді. Ауданы 20 гектарға жуық жерде қураған ағаштар өртеніп жатыр. Оқиға орнында 20 өртсөндіруші жұмыс істеуде.

Еске салайық, 1 сәуір күні тұрғындар Алматы маңындағы тауда өрт болып жатқанын хабарлаған еді. Бесағаш елді мекені ауданында үш-төрт жердің өртеніп жатқаны хабарланды. "Магнум" супермаркетіне қарама-қарсы жерде жалын тұтанған. Жергілікті уақыт бойынша сағат 22.35-те жалын ары қарай тауға жайылған. Одан бір күн бұрын Қарасай ауданындағы Ерменсай елді мекені маңында да қураған ағаштар өртенген болатын.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети