07 ақпан 2024 09:44

Алматы облысында мұғалім мен оқушы арасындағы дау видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Алматы облысында химия пәні мұғалімі мен оқушы арасында дау туды. Tengrinews.kz порталына оқиғаның видеосын 8-сынып оқушысының анасы жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысында химия пәні мұғалімі мен оқушы арасында дау туды. Tengrinews.kz порталына оқиғаның видеосын 8-сынып оқушысының анасы жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әйелдің айтуынша, Алматы облысы Іле ауданындағы ауылдық мектептердің бірінде химия сабағында мұғалім оқушыны үйде дәптерін ұмытып кеткені үшін айғайлап, ол көтерген. Дәлел ретінде әйел мұғалімнің оқушыға дауыс көтеріп сөйлеп жатқанын, оның қолынан ұстап, итеріп жіберген видеосын жіберген. Ол бұл дерек бойынша күйеуінің полицияға хабарласқанын айтты.

"Бір апта бұрын химия пәнінің мұғалімі баламды сабаққа екі минут кешігіп келгені үшін сабақтан қуып жіберді.(...) Бүкіл мектеп мұғалімді қорғайды. Баламның жүйкесі жұқарғаны сонша, денесі бөртіп кетті.(...) Мұғалімдердің қол көтеруге құқығы жоқ деп есептеймін", - дейді Любовь.

Алматы облысының әкімдігі химия пәнінің мұғаліміне қатаң сөгіс жарияланғанын және Алматы облысы білім басқармасының комиссиясы жүргізген тексеруден кейін әңгіме жүргізілгенін хабарлады.

Мұндай жағдайлар туындағанда мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары +7 707 170 67 27 нөміріне хабарласа алады.

Облыстық полиция 25 қаңтарда ауыл тұрғынының арызы қабылданғанын хабарлады.

"Бұл дерек аудандық ішкі істер бөлімінде тіркелді. Мұғалімге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған баланың ата-анасының уәждері негізінде соңғы процестік шешім қабылдау үшін сараптама тағайындалды", - деп хабарлады полициядағылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети