04 наурыз 2021 15:46

Алматы перзентханасында босанған әйел қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Алматыдағы №5 перзентханада жаңа босанған әйел қайтыс болды. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыдағы №5 перзентханада жаңа босанған әйел қайтыс болды. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Онлайн-брифингте Лаура Мырзағали босанған әйелдің өлімі туралы айтты. Оның айтуынша, қайғылы оқиға 2 наурызда болған.

"Өлім дерегі 2 наурызда №5 перзентханада тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама аяқталғаннан кейін қорытындыны аламыз", - деді басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали.

"Алматы бойынша нәрестелер өлімі азайды. Дегенмен ана өлімі әлі де бар. Қазір онкология, пульмонология және барлық басқа себептен болатын ана мен бала өлімін азайту бойынша жоспарлар әзірленіп жатыр", - деп қосты ол.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары әйел қайтыс болғанға дейін перзентханадағы сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағанын жазған еді.

"Сыбайлас жемқорлық бойынша: бізге мұндай ақпарат түскен жоқ. Бірақ, егер тергеу дәлелдесе, біз өз тарапымыздан шара қалданамыз", - деп жауап берді Лаура Мырзағали.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети