20 наурыз 2014 18:11

Алматыда "елес" автокөліктердің қатары көп болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Алматыда "елес" автокөліктердің қатары көбейді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жуырда анықталған "елес" автокөлікке қатысты жаңа мәліметтер анықталды. Ішкі істер департаментінен келген хатта қаладағы компаниялардың біріне тиесілі А376HK нөмірлі ақ түсті Daewoo Nexia жүргізушісінің Мұстафин көшесінде жылдамдықты асырғаны айтылған болатын. Салынған айыппұл көлемі - 18 520 теңге. Бірақ көшедегі камералар түсіріп алған суретке ақ түсті машина емес, қара Lexus бейнеленген. Солай бола тұра, олардың нөмірлері бірдей. Кейін компанияның Daewoo Nexia-ны сатып, 2014 жылдың ақпан айында тіркеуден шығарғаны белгілі болды. Бір апта ішінде әлгі компанияның атына ішкі істер департаментінен тағы бірнеше хат келді. Онда тағы да А376HK нөмірлі ақ түсті Daewoo Nexia-ның жылдамдықты асырғаны айтылған және фотосуретте қара Lexus бейнеленген болып шықты. Осындай хаттардың ұзын саны алтауға жетіп отыр. Хаттарда аталған көліктің қаланың бірнеше тұсында жылдамдықты қайта-қайта асырып жүргені үшін көзге түскені баяндалған. Барлық заңбұзушылықтар 2014 жылдың ақпан-наурыз айларында жасалған. Ал соңғы хатта А376HK нөмірлі ақ түсті Daewoo Nexia көлігінің Сейфуллин даңғылы мен Тимирязев көшесінің қиылысында және Достық даңғылында жылдамдықты асырғаны айтылған. Бірақ фотосуретте қара түсті Mercedes бейнеленіпті. Полиция әзірше бұл дерекке қатысты түсініктеме берген жоқ. Айыппұл төлеу туралы хаттың не себепті бұрынғы қожайынға келіп отырғаны және тіркеуден шығарылған нөмірдің басқа автокөлікке қалай берілгені түсініксіз болып тұр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети