21 қазан 2019 09:11

Алматыда жедел жәрдем көлігі аударылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz мұрағатынан Tengrinews.kz мұрағатынан

Кептелістен қашпақ болған автокөлік жедел жәрдем каретасымен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы Құлжа тасжолының бойында әуежайға баратын жолда болған, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, науқасты үйінен алып кеткен жедел жәрдем каретасы оңтүстік бағытта арнайы жолақпен дабылын қосып келе жатқан. Шеңберге жеткен тұста кептелістен шығуды ойлаған Lexus GS 300 маркалы автомобильдің жүргізушісі арнайы жолақпен жүріп, жедел жәрдемді соққан, соның салдарынан дәрігерлер отырған көлік аударылып, артынша Nissan Maxima автокөлігін соққан. 

Видео: Tengrinews.kz

Жол апаты салдарынан фельдшер мен науқас, сондай-ақ Lexus жүргізушісі жарақат алған, олар ауруханаға жеткізілді. 

Суреттер "Территория происшествий" бағдарламасынан

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети