Алматыда қайтыс болған велошабандоз қызға уақытылы көмек көрсетілді - дәрігерлер

30 Маусым 2017, 12:56
0
Алматыда қайтыс болған велошабандоз қызға уақытылы көмек көрсетілді - дәрігерлер -

Велошабандоз Дана Ахметова ыстық өтіп, полиорган жетіспеушілігі салдарынан қаза болды. Бұл туралы №7 қалалық аурухананың бас дәрігері Марат Абдуллаев брифинг барысында айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Бас дәрігердің айтуынша, Дана Ахметова ауруханаға 2017 жылдың 23 маусымында сағат 17.20-да жеткізілді. "Жарыс кезінде есінен таңып қалған. Жедел жәрдем бригадасы оны ауыр жағдайда қабылдау бөлмесіне жеткізді. Спортшы қызды қабылдау бөлмесінде тексеріп шықты. Қыздың тыныс алуы қиындады. Ол бірден жансақтау бөліміне жеткізіліп, қажетті шаралар жүргізілді", - дейді бас дәрігер.

Еске сала кетейік, осыған дейін қайтыс болған спортшының туыстары қызды жансақтау бөліміне ауруханаға жеткізілген соң тек үш сағаттан кейін жатқызылғанын айтқан болатын.

"Біздің ауруханада видеобақылау камерасы бар. Біз оған қаншалықты уақытта көмек көрсетілгенін қарап шықтық. Адам ауруханаға осындай жағдайда түскенде екі-үш сағат деген әңгіме болмауы керек. Науқас ауруханаға түскен соң оған қажетті көмек көрсетілді. Біздің жедел жәрдем бригадасындағы әріптестеріміз де қажетті көмекті көрсетті", - деді Марат Абдуллаев.

Сондай-ақ, ол Дана Ахметоваға ыстық өту диагнозы қойылғанын айтып өтті.

"Интенсивті терапия жүргізілді. Науқастың ауыр жағдайда екенін ескере отырып, тек біздің ауруханадағы мамандардан емес, сондай-ақ, бізге қажетті мамандардан консилиум жиналды. Консилиум барысында Дана Ахметованы компьютерлік томографияға түсіріп, ол бас ми жарақатын алды ма, жоқ па немесе миына қан құйылды ма, жоқ па - соны тексеру керек болды. Бұл диагноздар анықталмағандықтан оған қажетті медициналық көмек көрсетілді", - деді бас дәрігер.

"Менің әріптестерім ыстық өту, уытты гепатит, полиорган жетіспеушілігі және бүйрегі зақымданған деген диагноз қойды. Уытты гепатит деп отырғанымыз - бүйрек клеткаларының зақымдануы. Екі тәулік жағдайы тұрақты болды. Бірақ кейіннен жағдайы бірден нашарлап, 28 мамырда қайтыс болды. Өлімінің себебі - полиорган жетіспеушілігі, бүйрек жетіспеушілігі, сондай-ақ, жүрек-өкпе қызметінің жеткіліксіздігі", - деді бас дәрігер.

Оның болжамынша, қайғылы оқиғаға мөлшерінен тыс дене жаттығулары мен ыстық ауа райы себеп болған. 

Еске салайық, 29 маусымда Алматы қаласының жетінші қалалық ауруханасының жансақтау бөлімінде танымал велосипедші Дана Ахметова қайтыс болған еді.

"23 маусымда 17 жастағы спортшы қыз IV Жастар спорт ойындарында есінен танып қалған, содан кейін жедел жәрдем бригадасы оны жансақтау бөліміне жеткізген. Дәрігерлер Дананың жағдайы тым ауыр деп бағалаған. Қыз бала ес жимастан қайтыс болды", - делінген федерацияның ресми сайтында жарияланған хабарламада.  

Сонымен қатар, федерациядағылар Дана Ахметованың Солтүстік Қазақстандағы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектепте оқығанын және Қазақстан Республикасының спорт шебері екенін жазған. 2016 жылы Дана Олимпиадаға дайындық орталығының тізімінде болған. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай