03 тамыз 2017 12:15

Алматыда қымбат секс-притонда жезөкшелікпен айналысқандар ЖОО студенттері болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция рейд жүргізгеннен кейін бөлімшеге жеткізілген 47 жезөкшенің арасында Жоғары оқу орнының студенттері болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап. 

Полиция рейді Нұрмақов көшесіндегі "GC" караоке-клубында жүргізілген. Сонымен бірге, караоке клубының иелері де жеңгетайлық бойынша күдікті ретінде ұсталды. 

Мұның алдында клуб клиенттерінің көпшілігі Қытай азаматтары, кейін кореялықтар мен жапониялықтар екені белгілі болған. БАҚ мәліметі бойынша, клуб Цой отбасына тиесілі. Күйеуі - клуб иесі, ал әйелі іс жүргізген. Полиция мәліметі бойынша, клубта жұмыс істейтін қыздар "хостес" ретінде қызметке алынғанымен шетелдіктерге интм-қызмет көрсетіп отырған. Бұл клубтың ас мәзірінде ең арзан сусын бағасы 70 мың теңге. 

Қазіргі кезде бұл іске қатысты ҚР ҚК-нің 309-бабының 2-тарауы бойынша тергеу жүріп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети