05 тамыз 2016 13:56

Алматыда ірі жол апатынан екі адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Территория происшествий" "Территория происшествий"

Алматыда автобус пен көліктің қатысуымен болған жол апатынан екі адам зардап шекті, - деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Куәгерлердің айтуынша, автобустың алдына шығып кеткен Toyota Camry көлігі бұрылып, Toyota Corolla көлігін соққан.

Жол-көлік оқиғасы Түлкібас пен Жангелдин көшелерінің қиылысында болған. Toyota Camry Түлкібас көшесінен Жангелдин көшесіне қарай келе жатып, автобусқа жол бермеген. Салдарынан жолаушылар көлігі Toyota Camry көлігін соғып алған. Алған соққыдан Toyota Camry ұшып кетіп, Toyota Corolla көлігін соққан.

 © "Территория происшествий" бағдарламасы

Еске салайық, осыған дейін Алматыда автобустың қатысуымен ірі жол апаты болған еді. Автобус жасаған жол апатынан 11 адам зардап шекті. Green Bus ЖШС директоры Бауыржан Күлішев жол апатына №92 бағыттағы автобустың ұшырағанын нақтылады. Оның айтуынша, жол апатынан 11 адам зардап шеккен. Барлығы ауруханаға жеткізіліпті. Автобус паркіне бұл оқиға жайлы басқа автобустың жүргізушісі хабарлапты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети