Алматыда троллейбустың жаяу жүргіншіні қағып кеткен сәті түсірілген видео пайда болды

03 Ақпан 2016, 09:43
0
Алматыда троллейбустың жаяу жүргіншіні қағып кеткен сәті түсірілген видео пайда болды - Видео кадры
Видео кадры

Желіде Алматыда троллейбустың жаяу жүргіншіні қағып кеткен сәті түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қолданушылардың бірі видеотіркеу құрылғысына түсіп қалған роликті You Tube желісіне жүктеді.

Видеоға қарағанда, оқиға 25 қаңтарда Алматы қаласында таңғы 08.06-да Абай мен Гагарин даңғылдарының қиылысында болған.  №5 бағытындағы №1189 троллейбусы жолдан өтпек болған бір әйелді қағып кетеді. 

Троллейбуста болған куәгерлердің бірінің айтуынша, автокөлік жүргізушісі соңғы уақытта жүріп кеткен. "Мен алдыңғы есіктің маңында тұрдым. Тізгінде 25-27 жас шамасындағы жігіт болды, ол өтіп үлгермекші болды (...). Сол уақытта адамдар жолдан өте бастады. Оның үстіне ешқандай да дыбыс белгісі болмады", - деді куәгер.

"Жүргізуші әйелді айналып өтпекші болды, бірақ оң жақ қанатымен қағып кетті. (...) Мен, жүргізуші және тағы бірнеше адам троллейбустан жүгіріп шықтық. Қыздың қолы қалтада, иығында сөмкесі, құлаққап киіп алған. (...) Жедел жәрдем шақырып жатыр едік, Абай даңғылының бойымен науқасты алып кетіп бара жатқан тағы бір жедел жәрдем көлігін көрдік. Тоқтатып алып, кушеткасын алдық та, шақырылған бригаданы күттік", - деді ол.

Еске салайық, осы жол-көлік оқиғасының дерегі бойынша Алматының полицейлері сотқа дейінгі тергеуді бастаған еді. Зардап шеккен әйел Алматы қаласының 38 жастағы тұрғыны Әсия Медяева болып шықты. Туыстарының айтуынша, әйел қазіргі уақытта Алматыдағы ауруханадардың бірінде ес-түссіз. Олар бұл іске әлі күнге дейін тергеушінің тағайындалмағанын айтып, шағым түсіріп отыр. Ал өз кезегінде "Алматыэлектркөлік" ЖШС өкілдері соғу кезінде әйелдің капюшонмен және құлаққаппен келе жатып, троллейбустың тоқтаусыз шығарған дыбыс белгісін естімей қалғанын айтады. Жүргізуші болса медициналық куәландырудан өтті, ол жол-көлік оқиғасы кезінде мас болмаған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай