31 қазан 2018 09:32

Алматыда ұстау шарасы жүргізілді: Оқиғаның видеосы желіде таралып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматы қалалық Полиция департаментінің өкілдері қылмыскерлердің ұсталған сәті түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қалалық Полиция департаментінің өкілдері қылмыскерлердің ұсталған сәті түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеодағы кадрлардан ер адамдардың жолдың бойында кісенмен жатқаны көрінеді. Олардың қасында қару ұстаған құқық қорғау органдарының қызметкерлері тұр.

Полициядағылардың мәліметінше, олар пәтер ұрылары.

"Пәтер ұрылары ұсталды. Бостандық ауданындағы пәтерлерді тонаған соң артынша ұсталды. "Нексия" көлігімен батыс бағытта бара жатты. Құқық қорғау органдарының өкілі оларды тоқтатты. Төрт адам ұсталды. Ұсталғандардан заттай дәлелдер тәркіленді - тұрмыстық техника, ақша және алтын бұйымдар. Олардың барлығы - Алматы облысының тұрғындары, 90-92 жылғылар. Төртеуі де осыған дейін сотты болған. Күдіктілердің Алматы аумағында кем дегенде бес пәтерді тонағаны анықталды", - деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети