27 қазан 2020 14:32

Алматыдағы техникалық жөндеу орталығында жарылыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Скрин: видео Скрин: видео

Алматыда техникалық жөндеу орталығында жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық төтенше жағдай департаментіне сілтеме жасап.


Алматыда техникалық жөндеу орталығында жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық төтенше жағдай департаментіне сілтеме жасап.

Өрттің видеосын Tengrinews.kz редакциясына оқырмандар жіберді.

"Техникалық жөндеу орталығы өртеніп жатыр. Қорқынышты. Онда қаншама адам жұмыс істейді. Адамдар заттарын алуға асығып жатыр. Көліктерді жолдан ешкім алып жатқан жоқ, ол жерге бару мүмкін емес. Ақсай, - дейді автор.

Сонымен қатар, өрттің видеосы әлеуметтік желіде де жарияланды.

""КарСити" аумағында Ангар өртеніп жатыр", - делінген жазбада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

27 октября в 12:56 Силы и средства ДЧС выехали по повышенному рангу вызова в Ауэзовском районе, мкр. Аксай-1А, по прибытию утсановлено, что открытым пламенем горит отдельно стоящее СТО ангарного типа, незамедлительно поданы пожарные стволы, автоцистерны установлены на гидранты. Угрозы распространения нет, но тушение пожара осложняется высоким тепловым излучением из горящего металлического ангара, с места происшествия эвакуировано 2 газовых баллона обьемом 25л.каждая. Передана информация , что внутри ангара есть емкость с горючей жидкостью, в 13:21 произошел взрыв, пострадавших среди пожарных нет, здание обесточено

Публикация от @kris_p_almaty +21 | ???? (@kris.p.online)

Қалалық төтенше жағдай департаменті болған жағдайға қатысты түсінік берді.

"27 қазанда сағат 12.56-да ТЖД күштері Әуезов ауданы, Ақсай-1а шағынауданына шұғыл аттанды. Мамандар оқиға орнына келген бойда техникалық жөндеу орталығынан бөлек тұрған ангар жанып жатқанын көрді. Өртті сөндіру қиынға түсті. Оқиға орнынан көлемі 25 литр болатын екі газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды. 13.21-де жарылыс болды, өрт сөндірушілер арасында зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

Өрт толығымен 55 минуттан соң сағат 13.58-де өшірілді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети