Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Астана орталығында жүрген иесіз жылқы видеоға түсірілді 19 мамыр 2023, 10:59

Астаналықтар иесіз жүрген атты видеоға түсіріп алды. Жануар Қабанбай батыр даңғылынан өтіп, Ботаникалық саябаққа бет алған, - деп хабарлайды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

видео кадры

Астаналықтар иесіз жүрген атты видеоға түсіріп алды. Жануар Қабанбай батыр даңғылынан өтіп, Ботаникалық саябаққа бет алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жылқы ешқандай оқыс әрекет жасамаған. Астаналықтар оның әбзелдері де, арқаны да жоқ екенін байқаған.

Астана Полиция департаменті мәліметінше, оларға Ұлы Дала – Түркістан көшелері қиылысында жылқы жүргені туралы хабар таңғы 8-де келген. Оқиға орнына полиция тобы жіберілді.

"Полиция қызметкерлері жылқыны қауіпсіз аймаққа шығарды. Ақпарат "Астана ветсервиске" жолданды", - деді баспасөз қызметі өкілдері.

Видеоны Tengrinews.kz оқырманы жолдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram
Доллар бағамы күрт өсті