1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Астанада 22-қабаттан құлаған қыз суицид жасаған болуы мүмкін

© homsters.kz © homsters.kz

ІІД өкілдері Астанада 22-қабаттан құлаған қыздың бұл әрекетке неліктен барған болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Осы дерек бойынша тексеріс жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Алдын ала нұсқа - суицид. Тексеріс барысында қыздың аты-жөні анықталды - Қостанай облысының 19 жастағы тұрғыны", - деп хабарлады полицейлер. 

"Туыстарының айтуынша, қыз соңғы кезде олармен көп жанжалдасқан. Ал маусым айының ортасында елордаға көшіп келіпті, жұмыс тапқысы келіпті. Ол ЖОО студенті емес", - деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілдері.

Еске салайық, қыз 2 шілдеге қараған түні "Байқоңыр" тұрғын үй кешенінің 22-қабатынан құлаған болатын. Бұл туралы үйдің тұрғыны хабарлады. Ол қыз құлаған маңда көлігінің тұрғанын айтты.