ПОДЕЛИТЬСЯ
23 қазан 2018 | 15:56
Астанада жасөспірімді автобус қағып өлтірді
Астанада автобус жүргізушісі Кенесары көшесінің бойында жасөспірімді қағып, мерт қылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі
ПОДЕЛИТЬСЯ
Астанада автобус жүргізушісі Кенесары көшесінің бойында жасөспірімді қағып, мерт қылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі
Астана ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі осы мәліметті растады.
"23 қазанда шамамен 14:40-та № 40 бағытында жүретін автобус Кенесары көшесімен келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім жаяу жүргіншіге рұқсат етілмеген жолдан өткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2003 жылғы қыз оқиға орнында қайтыс болды", - деді баспасөз қызметінің өкілдері.
Сондлай-ақ, осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша тергеу шаралары жүіп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Показать комментарии
Читайте также