Астанада жатақхана өртенді: бір адам қаза тапты

29 Қыркүйек 2018, 12:11
0

Астанада жатақхана етіп жабдықталған контейнерлер өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІД Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап. 

Оқиға 28-нен 29 қыркүйекке қараған түні Байқоңыр ауданында Алаш тас жолының бойында болған. Ведомство өкілдерінің ақпараты бойынша, сағат 02.52-де аумағы 150 шаршы метр жатақхана етіп жабдықталған контейнерлерден өт шыққан. Мұнда 25 адам тұрған, олар қоқыс өңдеу зауытының қызметкерлері. 

Өрт таңғы сағат 04.27-де ауыздықталып, 05.04-те сөндірілді. Оқиға болған жерден бір жұмысшының денесі табылды. Ол 1990 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматы болып шықты. Қазір өрттің шығу себебі алықталып жатыр. 

Өрт сөндіруге 19 маман мен 5 арнайы техника жұмылдырылды.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай