Астанада жоғалып кеткен 23 жастағы студент өлі күйінде табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада жоғалып кеткен 23 жастағы студент өлі күйінде табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"10 ақпанда шамамен 22.00-да Астана қаласының ІІД қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында із-түссіз жоғалып кеткен 1992 жылғы Е.О.Әубәкіровтің мәйіті табылды. Қылмыстық заңбұзушылық жасады деген күдікпен үш адам ұсталып, қаладағы ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады елорда ІІД өкілдері.
Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр.
Еске салайық, Астанада Медицина Университетінің алтыншы курс студенті, 23 жастағы Ерасыл Әубәкіров 3 ақпанда жоғалып кеткен болатын. Жас жігіттің жоғалып кеткені туралы ақпаратты әлеуметтік желілерге досы Диас жариялаған еді.