25 желтоқсан 2017 15:53

Астанада шырша өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Астанада Орталық саябақта жаңажылдық шырша өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада Орталық саябақта жаңажылдық шырша өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов төтенше жағдайдың бүгін, 25 желтоқсанда таңғы уақытта болғанын хабарлады.

"Бүгін, 25 желтоқсанда сағат 06.19-да Тұран көшесінде тұрған шыршаның өртеніп жатқаны жайлы хабарлама келіп түсті. Өрт сағат 06.38-де сөндірілді. Жедел қызметтегілер мен өрт сөндірушілердің арқасында өрт ары қарай таралмады", - деді Руслан Иманқұлов.

Сондай-ақ, ол өртті сөндіру екі дана тезнкиа мен Астана қалалық ТЖД Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 10 адамның жұмылғанын айтты.

"Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", - деді Руслан Иманқұлов.

Төтенше жағдайлар комитетіндегілер тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети