14 желтоқсан 2016 10:20

Бас прокуратура ғимаратының алдында өзін өртеген әйел ауруханада қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокуратура ғимаратының алдында өзін өртеген әйел ауруханада қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Бас прокуратура ғимаратының алдында өзін өртеген әйел ауруханада қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Осыған дейін әйелдің есін жиғаны хабарланған еді. Ал бүгін таңғы уақытта 48 жастағы Майра Рысманова қайтыс болды.

Еске салайық, 6 желтоқсанда сағат 12.16-да ведомство ғимаратының бақылау-өткізу пунктіне әйел адамның үш серігімен келіп, сыртқы киімін шешіп, бензин құйып өзін-өзі өртегені хабарланған болатын. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол әйелдің 1968 жылғы азаматша Рысманова М.Е. екені анықталған. Ол 1988 жылғы Е.Н.Ахметов есімді ұлына қатысты шыққан сот үкіміне келіспегендіктен, осы қадамға барған. М.Е.Рысманова Бас прокуратураға 2016 жылы 28 қарашада осы іс бойынша үндеу жариялаған. Осы істі қайта қарап шығу үшін Бас прокуратура соттан қылмыстық іс материалдарын алдырған болатын", - деді ведомстводағылар. 

Ал кейінірек Бас прокурор Астанадағы Бас прокуратураның ғимараты алдында өз-өзін өртеген әйелдің мәселесімен жеке айналысуға уәде берген болатын.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети