Батыс Қазақстанда ағылшын азаматы өзін-өзі өлтірмек болды

09 Қыркүйек 2014, 16:17
0
Батыс Қазақстанда ағылшын азаматы өзін-өзі өлтірмек болды - ©foto-planeta.com
©foto-planeta.com

Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай қаласында Ұлыбритания азаматы өзін-өзі өлтірмек болды. Бұл туралы "Мой город" порталы хабарлайды. Мидглей Крейк Кристофер есімді 1975 жылы туған ер адам - "Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в." компаниясының қызметкері.

Ер адамның не себепті суицидке бармақ болғаны әзірше белгісіз. Төтенше оқиға 8 қыркүйек күні күндіз - сағат 12.00 шамасында болды. Ағылшын азаматы ұялы телефон байланысы мұнарасының басына шығып, одан секіруді ойластырған. Оқиға орнына келген полицейлер, құтқарушылар мен дәрігерлер Мидглейді төменге түсуге көндіріп, Ақсайдағы орталық аудандық ауруханаға алып кетті.

Аурухана мамандары 8 қыркүйек күні өзін-өзі өлтірмек болған ер адамның әкелінгенін растады, дәрігерлердің тексеруінен соң ол үйіне жіберілген.

Еске сала кетейік, 14 тамыз күні Атырауда "Атырау-Болашақ" компаниясында жұмыс істейтін ағылшын азаматының мәйіті табылған еді. Полицияның мәліметінше, ер адам жүрек талмасынан қайтыс болған. Оның өлімінің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай