21 шілде 2021 14:35

БҚО-да дауыл соғып, үйлердің шатыры ұшып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында дауыл соғып, бірнеше әлеуметтік нысанға зиян келді. Балабақша мен мәдениет үйінің шатыры ұшып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Батыс Қазақстан облысында дауыл соғып, бірнеше әлеуметтік нысанға зиян келді. Балабақша мен мәдениет үйінің шатыры ұшып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, дауыл 20 шілдеде сағат 16.00-19.00 арлығында күшейген.

"БҚО Бәйтерек ауданы Мичурино ауылында 154 шаршы метр аумақта балабақша шатыры қирады. Сондай-ақ, жекеменшік үйдің шатыры ұшып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Сонымен қатар, Бөрлі ауданының Қарақұдық кентінде қатты жел соғып, Мәдениет үйі мен екі жекеменшік үйдің шатырын жұлып кетті", - деді БҚО ТЖД баспасөз қызметі өкілі.

Мичурин ауылдық округінде де жеке кәсіпкер жергілікті әкімдікке өтініш берген. Ол дауыл салдарынан шатыры қираған балабақшаның иесі.

"Жекеменшік балабақша иесінен және кенттің тағы бір тұрғынынан шатырдың ұшып кетуі туралы ақпарат түсті. Бұл деректер бойынша шешімді ТЖ комиссиясы қабылдайды. Біз құлаған ағаштарды өз күшімізбен алып тастадық", - деді БҚО Бәйтерек ауданы Мичурин ауылдық округінің әкімі Максим Мұсалимов

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер бірнеше өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялағаны хабарланған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети