16 қазан 2023 10:21

БҚО-да ғалымдар ақша жымқырды деген күдікке ілінді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz Фото ©️ Tengrinews.kz

Жәңгір хан атындағы Аграрлық-техникалық университетінің ғалымдары зерттеуге бөлінген ақшаны жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жәңгір хан атындағы Аграрлық-техникалық университетінің ғалымдары зерттеуге бөлінген ақшаны жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы қаражат жымқыру дерегі бойынша Жәңгір хан атындағы Аграрлық-техникалық университетінің ғылыми қызметкерлерінің үстінен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембайдың айтуынша, Ғылым және жоғарғы білім министрлігі аса қауіпті аурулардың таралуын зерттеу үшін университетке 55 миллион теңге бөлген.

Ғылыми зерттеудің нәтижесі халықаралық конференцияларда талқыланып, содан кейін патенттелуі керек еді. Бірақ университет ғылыми зерттеу жұмыстарын формальды жүргізген және патент алмаған. Бұған қарамастан атқарылған жұмыстарға жалған акті жасалып, бөлінген қаражат ұрланған.

Прокуратураның тапсырмасы бойынша қылмыстық істі Экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети