Біртанов Алматыдағы оқиғадан кейін жедел жәрдем қызметкерлеріне үндеу жасады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз ол адамдарды құрметтеп қана қоймай, көмектесу де керекпіз.(...) Ол адамдар (жүргізушілер - Авт.) ерікеннен асығып жүрмейді, олар көмек көрсетуге асығады. Көлікті жылдам жүргізу өте қауіпті, жүргізушілер жылдам жүру бойынша халықаралық бапкерлермен арнайы нұсқамадан өтеді. Бұл үлкен жұмыс. Мен өзімнің жедел жәрдемдегі әріптестеріме үндеу жасағым келеді. Сабырлы болыңыздар, жанжалға арандамаңыздар, өз жұмыстарыңызды істеңіздер. Оларды тиісті деңгейде қорғау үшін бар күшімізді саламыз", - деді министр. 

"Бұл жағдай жылдам шешімін тапқаны үшін Алматы денсаулық сақтау департаментіндегі әріптестеріме және ҚР ІІМ-ге алғысымды білдіремін. Медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін бар күшімізді салып жатырмыз. Жедел жәрдемнің жету уақыты 25 минуттан 18-ге дейін қысқарды. Жансақтау шараларының тиімділігі 10 пайызға артып, көрсеткіш 40 пайызға жетті", - деді Елжан Біртанов. 

Еске сала кетейік, Алматыда ер адам жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне шабуыл жасады. Оқиға видеоға түсіп қалған. Жігіт егде жастағы ер адамды бірнеше рет жұдырықтады. Кейін полицейлер жігітті ұстады, ол Түркияның 1990 жылғы азаматы болып шықты. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 507  course up  572.27  course up  6.37  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer