Черногорияда мерт болған қазақстандықтың бауыры оқиғаның мән-жайын айтып берді

21 Тамыз 2018, 10:39
1
Черногорияда мерт болған қазақстандықтың бауыры оқиғаның мән-жайын айтып берді -

Еуропада теңізде суға батып кеткен қазақстандық Танат Смағұловтың туыстарының айтуынша, 14 адам суға батып кеткен. Қазақстандық жігіт олады құтқармақ болып, екі ересек пен бір баланы аман алып қалған. Бірақ төртінші адамды құтқармақ болған кезде қазақстандық жігіт өзі суға батып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ол өте ақкөңіл, мейірімді адам еді, кез келген адамға көмектесуге дайын тұратын. Үнемі барлығына көмектесіп жүретін. Черногорияға ол достарымен кеткен болатын - төрт адам. Достарының айтуынша, сол күні 16 тамызда туристерге боран болатыны жайлы ескертілген", -  дейді мерт болған қазақстандықтың туған бауыры Қазыбек Смағұлов.

Қазбектің айтуынша, бауыры кішкентай кезінен бастап спортпен айналысқан, салауатты өмір салтын ұстанған. Жақсы жүзе алған.

"14 адам суға батып кеткен. Бізге солай айтты. Олар ескертулерге мән бермей, суға кіріп кеткен. Танат болса барлығын құтқару үшін секірген. Оның екі ересек адам мен үшінші баланы құтқарып қалғанын білеміз", - дейді Қазыбек.

Оның айтуынша, Танаттың денесі 21 тамызда таңғы уақытта жіберіледі. Кейінірек жақындары денені туған ауылы Амангелдіге жеткізеді екен. Онымен бірге Черногорияға кеткен достары Қазақстанға келді. Қазіргі уақытта олар қайтыс болған жігіттің туыстарына қолдау көрсету үшін ауылға кетті.

Еске сала кетейік, осыған дейін Черногорияда қазақстандықтың суға батып бара жатқан екі әйелді құтқарамын деп мерт болғаны жайлы хабарланған болатын. Қайғылы жағдай 16 тамызда болған. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай