21 қыркүйек 2022 10:10

Дәрігерлер қаза болған жол апаты: премьер-министр тапсырма берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: t.me/POLICE_of_KZ Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қарағанды ​​облысында қаза болған дәрігерлердің отбасына көңіл айтып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министр Әлихан Смайылов Қарағанды ​​облысында қаза болған дәрігерлердің отбасына көңіл айтып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кеше кешкісін Қарағанды облысында қайғылы жағдай орын алғанын білесіздер. Сарышаған ауылының маңында жол апатынан 2 дәрігер қаза тауып, 8 медицина қызметкері зардап шекті", - Премьер-министр.

Смайыловтың айтуынша, "Қазақмыс" компаниясының қызметкерлері медициналық тексеруден кейін қайтып келе жатқан.

"Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Ал, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетулерін тілеймін. Премьер-министр кеңсесіне Үкіметтің таяудағы отырыстарының бірінің күн тәртібіне жолдағы қауіпсіздік мәселесін енгізуді тапсырамын", - деді Әлихан Смайылов.

Еске салайық, Қарағанды облысында жол апатынан екі дәрігер қаза тауып, "Жезқазған медициналық орталығы" ЖШС Балқаш қалалық емханасының сегіз медицина қызметкері зардап шеккені хабарланған болатын. Дәрігерлер Балқаш қаласындағы "Қазақмыс" компаниясының жұмысшыларын профилактикалық қарап-тексеруден өткізіп, қайтып келе жатқан. Олар мінген автобус МАЗ маркалы жүк автокөлігімен соқтығысып, жол апатына ұшыраған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети