02 желтоқсан 2022 14:55

Екібастұзда полиция пәтерлер тоналып жатқаны туралы ақпаратқа пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде Екібастұзда уақытша қараусыз қалған пәтерлерге ұрылар түсіп жатқаны туралы ақпарат тарады. Қалалық полиция басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды StopFake.kz.


Әлеуметтік желілерде Екібастұзда уақытша қараусыз қалған пәтерлерге ұрылар түсіп жатқаны туралы ақпарат тарады. Қалалық полиция басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды StopFake.kz.

Басылым мәліметінше, 27 қарашада түнде Екібастұз ЖЭО-да болған ірі апат салдарынан кейбір үйлер әлі де болса сусыз және жылусыз отыр. Осыған байланысты адамдар үйлерін тастап, туыстарына, таныстарына баруға мәжбүр болған. Әлеуметтік желілерде бос қалған пәтерлерді тонап жатқаны туралы қауесет тарады.

Қалалық полиция басқармасы бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

"Қазіргі кезде Екібастұз полиция басқармасының 250 қызметкері жұмылдырылды. Сондай-ақ, павлодарлық департаменттен 30 қызметкер және алты автомобиль патрулі жіберілді. Олар жылу мен жарықсыз қалған көпқабатты үйлерде пәтерлерді тонауға жол бермеу үшін 5, 5А және 6-шағынаудандарда жұмыс істеп жатыр", – деді Екібастұз Полиция басқармасының бастығы Қайыржан Шакарғалиев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети